Оқушылар арасын тоғызқұмалақ ойыны өтті | arainews.kz

Оқушылар арасын тоғызқұмалақ ойыны өтті

8 875

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдары оқушылары арасында желілік «Тоғызқұмалақ» ұлтты қойынынан спартакиада басталды

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр.Осы тұста Назарбаев Зияткерлік мектептері де жарыс ұйымдастырып өз үлесін қосуда.

Тоғызқұмалақ — қазақтыңұлттықдәстүрліойындарыныңбірі. Оқушыныңлогикалықойлауына, есеп шығаруна ерекше әсер етеді.

Ойынды оқушылар онлайн ойнауда. Әр мектептен төрт оқушы қатысуда Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектептен Қыдырбек Ералы, Аташбек Данара, Нұрланқызы Бибігүл, Демин Вадим өз бақтарын сынауда.

– «Тоғызқұмалақ» ойыны есеп шығаруға, санауға жақсы әсер етеді. Кішкентай кезімнен бұл ойынға қызығамын. Мектепішілік жарысқа үш рет қатысып, үшеуінде де желілік жарысқа жолдама алдым, негізі бұл ойын логиканы да жақсы дамытады. Қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін, – дедіВадим Демин.

– Тоғызқұмалақ ойынын жақында ғана үйрендім, мектепішілік жарысқа қатысып желілік жарысқа жолдама алдым. Ойын мен үшін өте қызықты өтті, тек онлайн ойнағандықтан қарсыласыңды көрмейсің, эмоциясын байқай алмайсың. Алайда, осы жарыста біршама жаңа ойын жүрістерін үйрендім. Қатысушыларға сәттілік тілеймін – деді ЕралыҚыдырбек.

Тоғызқұмалақ  қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Оқушының логикалық ойлауына, есеп шығаруна ерекше әсер етеді. Ойын ертең де жалғасатын болады.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.