Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы шығарылды | arainews.kz

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы шығарылды

147

 

24 мамыр күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Осыған орай, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев тікелей эфирде жиналыс өткізіп, оқу-жаттығудың қорытындысын мәлімдеді.

– Аталған оқу-жаттығу жиыны сағат 09:00-де басталып, 12:00-ге дейін жалғасты. Мекеменің өндірістік аймағында өткен жиын «ЖД-158/2 мекемесінің аумағында сотталғандардың жаппай тәртіпсіздіктерінің жолын кесу» тақырыбына арналды. Оқу-жаттығуды өткізу мақсатында облыстық ҚАЖ және ТЖД департаменті, облыстық прокуратура, сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің бас-аяғы 595 қызметкері қатысты. Сотталғандар аталған іс-шараға қатыстырылған жоқ. Оқу-жаттығу нәтижесінде  зардап шеккендер тіркелмеген. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы оқу-жаттығу жиынының өткізілуіне жоғары бағасын берді, – деді деді Ерлан Ділдәбекұлы өз сөзінде.

Айта кетейік, шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.  Аталған оқу-жаттығуға ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командирі, генерал-майор Талапкер Әміреев пен облыс прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Әділ Кәрім арнайы қатысқан болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.