ОБЛЫСТЫҢ 277 МЕКТЕБІНДЕ ПӘНДЕР ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жаңартылған білім беру мазмұнына облыстың барлық мектептерінің 1,2,3,4,5,6,7,8 сыныптары көшті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Бүгінде  277 мектепте физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Онда барлығы 755 мұғалім сабақ береді. Пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдердің айлық жалақысына 35 мың теңге қосылды.

 Өткен жылы өңірдегі 5434 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу курстарынан өтті. Осылайша аймақта Ұлт жоспарында міндеттелген тетіктер жүйелі жүзеге асыруда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.