Нұржан Боранбаев – Тараз қаласының прокуроры | arainews.kz

Нұржан Боранбаев – Тараз қаласының прокуроры

43
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығымен Нұржан Қанайұлы Боранбаев Тараз қаласы прокурорының лауазымына тағайындалды.
Н.Қ. Боранбаев 1976 жылы 2 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында туған. Отбасылы.
1999 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған.
Прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап 23 жылдан астам қызмет атқаруда.
Еңбек жолында Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының прокуроры, Бас прокуратураның 2-қызметінің басқарма прокуроры, Түркістан облысының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.