«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының комиссия отырысы өтті | arainews.kz

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының комиссия отырысы өтті

551

Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мәжіліс залында партияның 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия ортысы өтті. Жиында алдымен сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілген қызметтер басқармасының басшысы Жандос Тойшыбеков баяндама жасап, облыс көлемінде халыққа қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тоқталды.

Баяндамашы өз сөзінде аталмыш департаменттің бастамасымен Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде білімгерлерге арналған қызмет көрсету орталығының ашылғанын және осы секілді орталықтары Абай атындағы Жамбыл педагогикалық және Жамбыл медициналық колледжінде ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.