Нашақорлық – қоғам дерті

36

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша 2020 жылдың 9 айында алкогольді тұтыну нәтижесінде психикалық ауытқушылықпен және мінез-құлық ауытқушылығымен есепте тұрған 3 307 адамның 145-і жастар (2019 ж. – 155 жас), есірткі заттарын тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық ауытқушылығымен есепте тұрған 1287 адамның 299-ы жастар (2019 ж. – 288 жас), уытты затты тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық ауытқушылығымен есепте тұрған 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 8 (2019 ж. — 6 жас).

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» нашақорлықты және есірткі бизнесінің алдын алу бойынша 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жастар арасында ағымдағы жылдың                   9 айында барлығы – 2 кездесу, 2 «дөңгелек үстел» отырысы, 6 семинар, 1 дискуссиялық алаң, 2 спорттық жарыс, 1 акция, 1 сауалнама, 3 таратпа материалдарын тарату, барлығы 18 іс-шара ұйымдастырылып, қамтылғандар саны 2 000 жасты құрады.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ағымдағы жылы 4 спартакиада, 1 ұлттық ойындар жарысы, 1 STREET WORKOUT ойыны, 1 ҮЕҰ арасында кіші футболдан жарыс және «Jambyl cup 2020» футбол турнирінің 6 ойыны өткізілді.

Сондай-ақ, 2020 жылы (ақпан, қыркүйек айлары) қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілерінің көмегімен қала көшелерінің қабырғаларындағы есірткі заттарын жарнамалайтын «СП.МУКА.КРИС ТМ», «Telegram@KVS24CKIKD», «@SoltanTRZbot» сайттардың сілтемелері орналасқан жерлер анықталып, аталған жарнамалардың 700-ге жуығы өшірілді.

2020 жылы Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, нашақорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз қоғамдық бірлестік («Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі) құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 3 челлендж, 1 аула ойындары, 1 семинар, 2 кездесу, 1 рейдтік жұмыстар ұйымдастырып, барлығы 500-ге жуық адам қамтылды.

Нашақорлық — бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Яғни күш – жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған, нашақорлық дертімен күресті күн санап күшейту қажет. Осыған орай біздің орталық тарапынан жасалынып жатқан іс-шараларымыз, тағы басқа да өткізіліп жатқан түрлі акциялар, семинарлар, арнайы мамандардың қатысуы мен өтіп жатқан кездесулер мен дискуссиялық алаңдарымыз жоғарыда атап өткен түрлі дерттердің алдын алуымен қатар, өскелең ұрпаққа терең ой салу болып табылады.

 

Абзал Есіркепов,

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.