Мұқтаж жандар– мемлекет қамқорлығында

51

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
Жорабек Нұрмергенұлының айтуынша, ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 662,8 миллион теңге бөлініпті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға артық. Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1 432,7 миллион теңгеге
8 483 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік көмекпен қамтылуда.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап, олардың құқықтарының қорғалуы төңірегінде заңнаманың сақталуын барлық құзырлы органдарға міндеттеген болатын. Бүгінгі таңда Елбасымыздың алдымызға қойған мақсат-міндеттерін негізге ала отырып, облысымызда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Басқармаға қарасты 12 медициналық әлеуметтік мекемелерде 1 287 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуда, – деді Ж.Баубеков.
Басқарма басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі жалғасатындығын тілге тиек етті.

Т.БЕРІКБАЙҰЛЫ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.