Мобильді топ халыққа кеңес беру алаңын өткізді | arainews.kz

Мобильді топ халыққа кеңес беру алаңын өткізді

54

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысын Т.Рысқұлов ауданында жалғастырды. Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу. Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ төрағалары кірген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңына 60 — қа жуық азамат тұрмыстық мәселе көтерді. Кездесу барысында ауыл азаматтары баспана, жер мәселесін, тұрақты жұмыспен қамту, денсаулық, білім саласына қатысты сауалдарын көтерді. Мәселен, 3 топ мүмкіндігі шектеулі азаматшаның 9 жыл бойы өмірлік санатқа ауыстырылмауы жайын айтты. “Әділдік жолы” РҚБ ЖОФ басшысы Назима Жұбандықова бұл жобаның маңыздылығына тоқталды. “Шалғай жатқан елдімекен тұрғынның бәрінде облыс орталығына өтінішін айтып баруға мүмкіндігі жоқ, ал жоба арқылы әр азамат әділетсіздікке тап болған жағдайда және тегін заңгерлік құқықтық алуға таптырмас іс- шара болды” — деп, ойын жеткізді.

Айта кету керек, жоба Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» атты мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылады. Алдағы уақытта қалған 7 аудан және Тараз қаласында жоба жалғасады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.