Меркілік жасөспірімдер алдына жан салмады | arainews.kz

Меркілік жасөспірімдер алдына жан салмады

213

Спорт – денсаулық кепілі. Бүгінде елімізде бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындар санын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатар артып келеді. Бұл ретте, жүйелі түрде ұйымдастырылатын спорттық жарыстардың пайдасы зор.

Осындай спорттық шараның бірі Меркі ауданында ұйымдастырылды. Онда облыстық  ауыл жасөспірімдерінің ойындары өтті. Додаға 8 ауданнан  80 спортшы қатысып, бақ сынады. Аталған аламанда  Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  еркін күрес бөлімінің спортшысы Елдос Қуанышбай жеке дара топ жарып, меркіліктердің мерейін үстем етті.

Сондай-ақ 2006-2007 және 2008-2010 жылдары туылған  ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан облыс біріншілігі ұйымдастырылып, мұнда да меркіліктердің шоқтығы биік болды.  Атап айтсақ, 60 метрге жүгіруден А.Латифовтың айы оңынан туса, осы қашықтықты бағындыруда Д.Волкова жүлделі үшінші орыннан көрінді. 300 метр қашықтықта да Волкова  екінші орынды иеленсе, 600 метрге жүгіруде Х.Шаев қарсыластарын шаң қаптырды.

1000 метр қашықтықта Шаев тағы  жүйріктігін көрсетсе, Петриша екінші орынды қанағат тұтты.

Эстафета сынында да 2008-2010 жылы туылған меркілік жастар екінші орын алса, 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, меркілік жастарды жаттықтыруда  Н.С. Акатаев, Д.В. Иванчуков, А.Ф. Телегин және  Е.А.Банникова сынды бапкерлер  ерен еңбек сіңіріп отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.