Мереке қарсаңында марапатталды | arainews.kz

Мереке қарсаңында марапатталды

365

Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін кәсіподақ ардагерлері жоғары бағалайды. Елімізде осы 30 жылға жуық уақыт ішінде қол жеткен жетістіктер көп. Қай салада да ауыз толтырып айтарлық жетістікер бар.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезеңдегі қиындықтарды еңсеріп, нарықтық экономикаға бейімделіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер саласы қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбегі елеулі. Бұл жайында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде өткен салтанатты жиында кеңінен сөз болды.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай өткен басқосуда мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев сөз алып, қызметкерлерді келіп жеткен мерейлі күнмен құттықтады.

– Бұл мерекенің маңызы өте жоғары. Себебі, елімізді қиын-қыстау кезеңнен алып шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлт көшбасшысының еңбегі ерен. Оны өскелең ұрпаққа кеңінен нәсихаттауымыз керек, — деді мекеме бастығы өз сөзінде.

Жиын барысында сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы сара жолы, жас мемлекеттің аяғына тұрып, өзге елдермен терезесі тең болуы жолында еткен ерен еңбегі жайында айтылды. Сондай-ақ, мерейлі датаға орай бірқатар қызметкерлер марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, режим бөлімінің қызметкерлері – әділет капитаны Самат Байтуғанов пен әділет аға лейтенанты Азамат Түйтебай алғысхатқа ие болды.

– Бұл мереке қарсаңындағы марапатталу маған елімнің, Отанымның алдында үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Елбасы қолдауының арқасында бүгінгі күні ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін адал орындауларына барлық жағдай жасалған. Сол себепті, әрбір қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтауға бар күш-жігерін жұмсауы қажет, – деген ойын білдірді марапатталғандар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.