Мемлекеттік жер учаскелерін сату туралы онлайн-аукционға қалай қатысуға болады? | arainews.kz

Мемлекеттік жер учаскелерін сату туралы онлайн-аукционға қалай қатысуға болады?

10

Ең алдымен, eGov порталында авторизациядан өту қажет. Ары қарай «Электронды түрде жер учаскесін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу арқылы Мемлекеттік мекемеден жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін таңдау керек. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді толтырасыз, содан кейін ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет. Қатысушы «электрондық сауда» порталына мына сілтемемен https://e-auction.gosreestr.kz/ қайта бағытталады. Артынша тіркеуден өтіп, кепілдік жарнаны төлеу қажет.

Сауда-саттық ағылшын әдісі бойынша өтеді, яғни бағаны көтеру тәсілі қолданылады. Бастапқы баға жер учаскесінің кадастрлық құны негізінде анықталады. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін жеңімпаз жер теліміне құқық белгілейтін құжаттарды алады.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.