Мекеме қызметкерлеріне ыстық ықыласын білдірді | arainews.kz

Мекеме қызметкерлеріне ыстық ықыласын білдірді

149

Бүгін елімізде Елбасы-ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні аталып өтілуде. Бұл күнді жазасын өтеп жатқан сотталғандар да назардан тыс қалдырған жоқ.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Антон Севергин солардың бірі.

Өзінің хатында мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне ақжарма тілегін білдірген ол жаза басып, темір тордың арғы жағына түскен өміріндегі осынау сынақты кезеңде дұрыс жолға түсуіне септігін тигізіп, қайта тірбиеленуіне үлесін қосып жүрген ҚАЖ саласы қызметкерлеріне ыстық ықыласын жеткізген.

Темір тордың арғы жағында отырған адамдардың хатын оқып отырып, қаншалықты ауыр қылмыс жасаса да, олардың жүрегіндегі мейірім мен болашаққа деген үміт сәулесінің сөнбегендігі байқалады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.