Мекеме қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады | arainews.kz

Мекеме қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады

60

Ұлыстың Ұлы күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде мерекелік шара болып өтті. Салтанатты жиынға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов және мекеменің жеке құрамы қатысты.

Басқосу барысында Ерлан Ділдәбекұлы ҚАЖ саласының қызметкерлерін келіп кеткен Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

– Күн мен түн теңесетін, өмірдің жылы лебі есетін, дүние ерекше өзгеретін, Жер ана өзгеше күйге енетін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауындай болған Әз Наурыз құтты болсын. Бүгінде Наурыз көп ұлтты халқымыздың сүйікті мейрамына айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Өткен жылға өкпе жоқ, келер күннен үміт көп, – деді мекеме бастығы өз сөзінде.

Сондай-ақ мерекелік шара барысында Ә. Дәулетқұлов та Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған қызметкерлердің қуанышымен бөлісіп, ақжарма лебізін жеткізді.

Жиын соңында жыл бойы саланың дамуы жолында табысты еңбек еткен қызметкерлер арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.