Мекеме қызметкерінің шаңырағында болды | arainews.kz

Мекеме қызметкерінің шаңырағында болды

16

Елімізде Қылмыстық-атқару саласында еңбек ететін қызметкерлердің қоғам қауіпсіздігін қорғауда және жазасын өтеушілерді қайта тәрбиелеп, қоғамға қосуда атқаратын еңбектері мол. Олар қауырт қызметті қиынсынбай, уақытпен санаспай, абыроймен адал еңбек еткен жандар.

Аталған салада абыройлы қызмет етіп жүрген осындай қызметкердің бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет капитаны Жарас Жақсыбекұлы. Жуырда мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Ә. Дәулетқұлов пен мекеме кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны А.Мурзакасымова Ж. Жақсыбекұлының шаңырағына арнайы барып, отбасымен танысты.

Кездесу барысында Ә. Бақытұлы Ж. Жақсыбекұлының қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқару кезінде өзін жақсы жағынан, бастамашыл және талап қойғыш қызметкер ретінде көрсете алғанын, жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар екенін айтты.

– Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету – абыройлы іс. Еліміздің тыныштығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қасиетті борыш, жоғары жауапкершілік. Жарас қызметтік мақсаттарды шешу кезінде адалдық пен әділдіктің жоғары үлгісін көрсетіп келеді. Жүктелген міндеттерді орындауда жоғары жауапкершілікпен қарайды, жеке бастамашылығымен және жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді. Ол мінезі жігерлі, табанды, мақсатқа талпынушы. Ұжымда жоғары құрмет пен беделге ие. Жазасын өтеуші азаматтардың дініи сауатын арттыру, жат ағымдардың жетегінде кетуінен сақтандыруда атқарып жатқан жұмысы жоғары деңгейде, – деді Ә. Дәулетқұлов өз сөзінде.

Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Сондықтан қиын саладағы абыройлы қызметі үнемі жас қызметкерлерге дәріптелуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.