Мекеме басшылығы қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады | arainews.kz

Мекеме басшылығы қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады

166

Жұмыр жерге мейірім шашып, ұрпаққа пана, ер азаматқа серік болған әйелдер қауымынсыз жарық дүниені елестету әсте мүмкін емес. Көктемнің алғашқы қарлығашындай келетін нәзік жандылардың мерекесі қашанда ыстық, қастерлі, толқын сезімдерге толы мереке екені сөзсіз.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында  Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-15/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев пен мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов мекемеде қызмет ететін қыз-келіншектерді көктемнің көрікті мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

– Ана – ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі. Әлемнің таусылмайтын жалғасы. Дана халқымызда «Дүниеде үш нәрсе бар: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың сәулесі, үшіншісі –ананың алақаны» деген аталы сөз бар. Ал, ана – сол құдіретті түйіндердің иесі. Еліміз қашан да әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірі – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деген Ерлан Ділдәбекұлы Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтарын ұсынды.
Өз көзегінде арулар көктемгі көңіл күй сыйлаған мекеме басшысына елеп-ескергені үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.