Мекеме аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді | arainews.kz

Мекеме аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

80

Шартарапты бірнеше жыл үрей уысында ұстаған алапат індет – коронавирустың беті қайтқанымен, толық жойылды деуге келмейді. Сондықтан, әлі де болса сақтық шараларын сақтауды талап етіп отыр. Мұндайда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» — деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелерінде сақтық шаралары әлі де жүргізілуде.

Осыған байланысты, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты барлық мекемелерде аурудың алдын алу шаралары қолға алынған. Күні кеше департаментке бағынысты №25 мекемеде індеттің таралуын болдырмау мақсатында мекеме аумағын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстар барысында ішкі аймағына және сыртқы кабинеттердің аумақтары залалсыздандырылды. Осылайша, №25 мекемесі қауіпті дерттің таралуын алдын алуға барынша жағдай жасауда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.