Мал басы артып, өнімі өсуде | arainews.kz

Мал басы артып, өнімі өсуде

168

Ауыл шаруашылы – халықтың негізгі табыс көзі, Әулиеата өңірінің асыраушы саласы. Оны дамыту арқылы аймақ экономикасын көтеріп, тұрғындар тұрмысының тіктелуіне жол аша аламыз. Мұны шулықтар жете түсінеді. Сондықтан, аталмыш саладағы жұмыс қарқынын жыл санап арттырып келеді.

Бұған дәлел – Шу ауданында 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданда мал басының саны ірі қара малы – 33977 бас, қой-ешкі – 384814 бас,  жылқы – 12947 бас, түйе – 68 бас, шошқа – 1464 бас және үй құстары – 104785 басқа жеткен.

– Мал шаруашылығы бойынша 30727,1 тонна сүт сауылып, өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды. Өндірілген ет 6347 тоннаға жетіп, 103,3 пайызға немесе 204,2 тоннаға көбейді. Ал, алынған жұмыртқа саны 8118,5 мың данаға жетіп, 100,9 пайызға орындалды.

Ауданда 7 мал бордақылау алаңы және қой шаруашылығы бағытында – 7, жылқы шаруашылығы бағытында – 1 асыл тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері  жұмыс жүргізуде.

Шу ауданы бойынша  су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші 3405,5 га, оның ішінде тамшылатып суару жүйесі 3365,5 гектарды, жаңбырлатып суару жүйесі 40 гектарды құрап отыр, – дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.

Аудан басшысының айтуынша, төрт түлік басын арттыру бағытында жұмыстар ары қарай да жалғасын таппақ. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мол болып отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.