Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды | arainews.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды

170

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды.

Бұл туралы мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа мәлімет ҚР ҚПК 201-бабының аясында таратылмайды. (…) Қосымша мәліметіміз болса, міндетті түрде хабарлаймыз», — деді МҚІСЖҚ ресми өкілі.

«Астанадағы мейрамханада Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларын ұстау дерегі болды ма», — деп сұрады журналистер.

Бұл сұраққа Жанна Бастарова «Болды» деп жауап қатты.

tengrinews.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.