Мүліктің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу | arainews.kz

Мүліктің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу

75

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ Заңы негізінде пәтер иелері кооперативтерінің қолданысы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатылады. Олардың орнын қарапайым серіктестіктер мен мүліктің мешік иелерінің бірлестіктері алады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.

Олар бір үй — бір басқару органы жүйесі бойынша жұмыс істейді және үйдің жай-күйіне меншік иелері өздері жауапты болады.

Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға.

Егер тұрғындар мүліктің меншік иелерінің бірлестігін құруды таңдаса, онда оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа қызмет көрсету  бөлімдері арқылы әділет органдарында тіркеу керек. Тіркеуге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

—        белгіленген нысандағы өтініш;

—        мүліктің меншік иелері жиналысының хаттамасы;

—        мүліктің меншік иелері бірлестігінің Жарғысы;

— мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Бірлестікті тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының

Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің

заңды тұлғаларды тіркеуші бас маманы

Е. Жұман

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.