Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы | arainews.kz

Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

176

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күні аясында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығынан «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылды.

Жалпы, кабинетте латын әліпбиін насихаттау бойынша семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өткізілетін болады. Яғни, кез-келген азамат латын әліпбиін үйренуде осы мүмкіндіктерді пайдаға асырады деген сөз.
Шара аясында басқарманың мәжіліс залында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» тақырыбында семинар өтті. Басқосуда алғашқы болып сөз сөйлеген облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы көпшілікті мерекемен құттықтап, шараның негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Мұнан соң «Нұр Отан» партиясы обыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Әзімхан Оразбайұлы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы Тұрсынай Әбдіқадырова пайымды пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, жиын соңында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қызметкері, филология ғылымдарының докторы Қасиет Молғаждаров латын графикасына көшудегі емле-ережелермен таныстырып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Елдар БОРАНБЕК

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.