Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – басты назарда | arainews.kz

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – басты назарда

41

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы қамтитындығы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында  мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылғандықтан халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау, қызмет көрсету процесстерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды атқарып келеді.

2022 жылы Департаментпен 6мемлекеттік қызмет алушының шағымдарының негізінде бақылау шаралары жүргізіліп,  олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

2023 жылдың ақпан айында Департаментке Алматы қаласынының тұрғыны жүгінді. Ол, 2012 жылдан бастап бюджеттік ұйым қызметкері ретінде Тараз қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған, 2015 жылдан бастап Алматы қаласына тұрақты тұру үшін қоныс аударуына байланысты кезектен шығарылған.

Алайда, «Shanyraq» ақпараттық жүйесіндегі «кезекте тұрған адам Тараз қаласына ауыстырылды» мәртебесі болуына байланысты Алматы қаласында тұрғын үй кезегіне бірнеше айдан бері тұра алмаған.

Департаменттің тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді және Тараз қаласы әкімінің атына енгізілген ұсыныстың нәтижесінде ақпараттық жүйедегі техникалық ахаулар жойылып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мәселесі Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.