Қырғызстан мен Жамбыл облысының полицейлері тәжірибе алмасты

37

Қырғыз Республикасы Шу облысы мен Талас қаласы ішкі істер органдарының делегациясы Жамбыл облысының полиция департаментімен тәжірибе алмасты.

Шекаралас аумақтарда экстремизм мен терроризмге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткен кездесуде көршілес мемлекеттердің бірлесіп жұмыс жүргізу, сондай-ақ контрабанда мен қару-жарақ, есірткі заттары, мал ауруларының және басқа да трансшекаралық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу бойынша мәселелер талқыланды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Арман Оразалиев бірлескен жұмыс оң нәтиже беретініне және жалпы келісілген әрекеттерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, жиын барысында екі жақтың құқық қорғау органдарының қызметкерлері экстремизм мен лаңкестік көріністеріне қарсы, ұрланған ұялы телефондар мен қару-жарақ үшін бағыттарды белгілеу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, синтетикалық препараттардың, психобелсенді заттардың интернет-ресурстар арқылы таралуына қарсы күрес бойынша мәселелер көтерілді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.