Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары! | arainews.kz

Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары!

141

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Сарысу ауданы аумағында «Дәрмек», «Құқықтық тәртіп» «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Автобус», «Қару» және «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Аталған іс-шаралар барысында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тәулік бойы рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық орта мектептер мен оқу орындарында жол-көлік оқиғаларының алдын мақсатында оқушылар арасында дәрістер мен әңгімелесулер өткізілуде.

Осыған байланысты, тұрғындарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, тіркелмеген қару болса өз еркіңізбен өткізсеңіздер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартпайтыны туралы ескертеміз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.