Бұл күні сотталған азаматтар футболдан бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер командалар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды. Атап айтқанда І орынды 4-жасақ иемденсе, жүлделі ІІ орынға 2-жасақ лайық деп танылды. Ал 6-жасақ ІІІ орынға табан тіреді.
— Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы контингент арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету. Осы орайда, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің қоғаммен байланысын арттыруға серпін береді деп білеміз. Өйткені, ел-жұртты бірлікке үндейтін айтулы мерекенің маңызы зор, — деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.