ҚР Рәміздері күніне орай спорттық жарыс өтті | arainews.kz

ҚР Рәміздері күніне орай спорттық жарыс өтті

41

Бұл күні сотталған азаматтар футболдан бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер командалар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды. Атап айтқанда І орынды 4-жасақ иемденсе, жүлделі ІІ орынға 2-жасақ лайық деп танылды. Ал 6-жасақ ІІІ орынға табан тіреді.

— Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы контингент арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету. Осы орайда, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің қоғаммен байланысын арттыруға серпін береді деп білеміз. Өйткені, ел-жұртты бірлікке үндейтін айтулы мерекенің маңызы зор, — деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.