Облыс бойынша 76 мектептен тыс мекемелерде 60067 (27%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.
Жалпы білім беретін мектептерде 123485 оқушы өз қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге қамтылған. Жалпы білім беретін мектептердегі 2399 спорт секцияларына — 68961 (31%) оқушы, 36 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне – 37360 (16,8%) оқушы қатысады.
Облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі — 92,3%-ды құрайды.
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтағы «Taraz junior park» технопаркінде 90 оқушы қамтылған. Бүгінде «Taraz HUB» және облыстық білім басқармасы арасында мемарандум жасалып, орталықта түрлі шеберлік сағаттары мен бизнес тренингтер өтуде.