Қос боксшы күміс жүлде иегері | arainews.kz

Қос боксшы күміс жүлде иегері

167

ХҮІІІ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұлды жамбылдықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.

Ұлттық құрама сапындағы жасындай жарқылдаған жамбылдық қос боксшы Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл қарсыластарына ақтық сында ғана қарсылыстарына жол беріп, күміс алқа иеленді.

Ел мерейін асырған оғландарды облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарамасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков пен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков бастаған жанкүйерлері зор қошеметпен күтіп алды.

Айта кетуі керек, 18 тамыз бен 02 қыркүйек аралығында Индонезияда өткен ХҮІІІ Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар үздік ондықтан табылғанымен, осы уақытқа дейін бағындырып келген алдыңғы бестікке енбеді.  Дегенмен, спортшыларымыз  Оңтүстік Азия жерінде көк туымызды 15 рет  көкке көтеріп, әнұранымызды шарықтатты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.