Көркем гимнастика: Даяна Әбдірбекова көпсайыстан ел кубогын иеленді | arainews.kz

Көркем гимнастика: Даяна Әбдірбекова көпсайыстан ел кубогын иеленді

174

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы мен ел чемпионаты өз мәресіне жетті.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша қатысушылар көпсайыстан кубокты сарапқа салса, жекелеген жаттығу түрлерінен чемпиондық атаққа таласты.

Турнирге еліміздің 13 өңірінен спортшылар қатысқан.

Көпсайыс қорытындысы бойынша шымкенттік Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Шымкенттің тағы бір өкілі Тоғжан Молдаханова иеленсе, үшінші орын астаналық Айдана Шайкеноваға бұйырды.

Еске сала кетейік, Даяна Әбдірбекова командалық жаттығудан Азия ойындарының чемпионы атанды. Сондай-ақ, Чехияда өткен Гран-при кезеңінде ұршық жаттығуы бойынша төрттікке енген болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.