Қордайда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда | arainews.kz

Қордайда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

872
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылының «Барыс-2» базарында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Еріктілер мен жергілікті тұрғындар базар аумағын қоқыстан тазартып, арамшөптерді жұлды және жол бойындағы және сауда орындарындағы аймақтарды ретке келтірді. Сондай-ақ, қатысушылар базар маңайындағы жасыл аймақтарды суғарып, ағаштар мен гүлдерді ретке келтіру жұмыстарын атқарды.
— «Барыс-2» базары Қордай ауылының кіре берісінде орналасқан сауда нысаны болғандықтан, әрі өзге аймақтардан ауыр жүк көліктері көптеп келгендіктен базар аумағы жиі күл-қоқысқа толып жатады. Осыны ескеріп, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға ынталандырып, таза әрі жайлы орта құруға бағыттау мақсатында бүгінгі жаппай сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып отырмыз. Тазалық жұмыстарына осы аумақта тұратын жергілікті тұрғындарды да шақырдық. Сонымен қатар, тазалықты сақтауға қатысты үнпарақтарды да көрнекі орындарға іліп шықтық,- деп атап өтті Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев.
Жалпы Қордай ауданында экологиялық акция аясындағы тазалық жұмыстары үздіксіз жалғасып, еріктілер, жергілікті тұрғындар және мемлекеттік мекемелер бірігіп, түрлі экологиялық шаралар өткізуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.