«Көне Тараз күмбірі» І облыстық фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

Таразда «Көне Тараз күмбірі» І облыстық фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті. Аталған байқауға 10 ансамбль қатысты.
Қазылар алқасының құрамында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижері Мұхтарбай Рахманқұлов, Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Өнертану» ғылымдарының магистрі, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері Адай Жұмат және төрағасы Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Өнер және мәдениет» факультеті «Музыкалық білім» кафедрасының доценті, композитор, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Аман Шонбайұлы Молдыбаев болды.
Облыстық өнер додасына түскен ансамбльдер екі күй, оның бірі жергілікті композиторлардың шығармасын, Жетісу өлкесінің бір әнін орындады.
Бас жүлде – лауреат белгісі және 300 000 теңгенің сертификат иегері: Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі. Меркі ауданы. Жетекшісі: Мариям Райымқұлова.
І орын, лауреат белгісі және 200 000 теңгенің сертификат иегері:
«Әсем әуен» фольклорлық ансамблі. Шу ауданы. Жетекшісі: Әуесхан Келгенбаев.
ІІ орын, лауреат белгісі және 150 000 теңгенің сертификат иегері:
«Шолпан» халықтық ән-би ансамблі. Байзақ ауданы. Жетекшісі: Сәуле Сүйенішбекова.
ІІІ орын, лауреат белгісі және 100 000 теңгенің сертификат иегерлері:
1.«Тараз ғасыр» фольклорлық ансамблі. Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Төрехан Курпебаев.
2. «Мойынқұм» ансамблі. Мойынқұм ауданы. Жетекшісі: Ғалымжан Етаев.
3. «Қызғалдақ»халықтық ән-би ансамблі. Жуалы ауданы. Жетекшісі:
Ришат Қуанышев.
Дипломанттар:
«Ықылас Дүкенұлы» атындағы жүлде – 50 000 теңге қаржылай сыйақының иегері: «Ұлбике» ансамблі. Талас ауданы. Жетекшісі: Асқар Жылқыбаев.
«Кенен Әзірбаев» атындағы жүлде – 50 000 теңге қаржылай сыйақының иегері: «Ой жайлау» халықтық фольклорлық ансамблі. Қордай ауданы. Жетекшісі: Ақбаян Бикешова.
«Жамбыл Жабаев» атындағы жүлде – 50 000 теңге қаржылай сыйақының иегері: «Жеті төбе» фольклорлық ансамблі. Жамбыл ауданы. Жетекшісі: Индира Қадыралиева.
«Әбдімомын Желдібаев» атындағы жүлде – 50 000 теңге қаржылай сыйақының иегері: «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі. Т.Рысқұлов ауданы. Жетекшісі: Рысбек Қадырқұлов.
Облыстық филармония барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын ұсынды. Лауреат атанған ансамбльдер 2019 жылдың 30 маусымында Тараз қаласында өтетін «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсына жолдама алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.