Көмірдің сатылу бағасы түпкі және бөлшек сауда орындарына 15-20%-ға төмендейді — Ж. Қасымбек | arainews.kz

Көмірдің сатылу бағасы түпкі және бөлшек сауда орындарына 15-20%-ға төмендейді — Ж. Қасымбек

904

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының тарифтерді төмендету және тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлердегі көмірмен қамту және түпкілікті тұтынушылар үшін бағаны төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Әкімдіктердің берген мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 1 мамыры мен 23 қарашасы аралығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халық үшін көмір қорын жинау жұмыстары жоспарлы тәртіпте орындалуда»,— дейді Жеңіс Қасымбек.

Жалпы жоспарға сәйкес, он облыс пен Алматы мен Шымкент қалаларын көмір қорымен қамтамасыз ету көрсеткіші 85%-дан асады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бағасы көмірдің сапасы мен соңғы тұтынушыға дейінгі қашықтыққа байланысты орташа есеппен 15 мың. теңгені құрайды.

Коммуналдық-тұрмыстық көмір тарифтері мен бағаларын төмендету мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі мен Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы жергілікті атқарушы органдармен және қоймалардағы коммуналдық-тұрмыстық көмір сатушылар арасында меморандум жобасын әзірледі. Жергілікті атқарушы органдар бірқатар өңірлерде орналасқан қойма иелерімен меморандум жасасты, басқаларымен қол қою жұмысы жүргізілуде. Министрліктің ақпараты бойынша бұл іс екі күннің ішінде аяқталмақ.

Осы жұмыстың нәтижесінде көмір қоймалары мен бөлшектеп сату орындарындағы бағаны төмендету жоспарланып отыр. Көмірдің бағасы орташа есеппен 15-20%-ға немесе 2500-3000 теңгеге төмендейді.

Ж. Қасымбек Астана мысалында теміржол тұйықтарында көмір бағасының төмендеуі қалай қолға алынатынын айтты. Көмір разрезіндегі баға өзгермейді — Шұбаркөлде ол 5000 теңге. Трейдер бағаны 60-70%-ға төмендетеді, үстеме 2 985 теңгеден 885 теңгеге дейін төмендейді. Яғни, 1900 теңгеден 2100 теңгеге дейін айырмашылық болады. Шұбаркөл разрезінен Астанаға дейін теміржолмен тасымалдау шығыны 1 715 теңгені құрайды. Теміржол көлік шығындары станциядан эстакадаға дейін 1 242 теңгені құрайды (вагондарды станциядан көмір сақтау орындарының шекарасына дейін жеткізу, көмір сақтау орындарының шекарасынан эстакадаға дейін түсіру, иесінің жол тармағы бойынша жүру, вагондарды түсіру).

«Біз бұл жерде бағаны төмендетуге резервтер бар деп есептейміз. Сондықтан, монополияға қарсы органның осы жағдайды зерттеуін сұраймыз. Көмір тұйықтарындағы делдалдардың үстемесі 2000 теңге.  Олар 25-30%-ға, яғни, 1500 — 1700 теңге дейін төмендетеді. Қабылданған шаралардан кейін Астанада көмір бағасы екі аптада 18%-ға төмендеуі — 13 600 — 14 500 теңгеден 11 200 теңгеге дейін арзандауы тиіс. Айырмашылығы орта есеппен 2 400 теңге», — деді инвестициялар және даму министрі.

Сонымен қатар ҚР ИДМ жақын маңдағы елді мекендерге сату арқылы Астана қаласы бойынша көмір бағасының қалыптасуына талдау жасады. Көмір қоймаларынан соңғы тұтынушыға дейін автомобиль көлігімен жеткізуді талдағанда, көмірдің соңғы тұтынушыға дейінгі бағасының қалай қалыптасатыны белгілі болды. Мысалы, Астанадан Талапкер ауылына дейін көмірді автокөлікпен жеткізу 15 мың теңге. 1 тонна көмірді жеткізу құны 2142 теңгені құрайды. Нәтижесінде, 1 тоннасы үшін жеткізумен қоса алғандағы бағасы тұтынушы үшін 15 642  теңге болады. Жоспарланған шараларды қабылдаған соң тұтынушы үшін бағасы 13 242 теңге болады.

Ж. Қасымбек бағаны төмендету бойынша қабылданған шаралардан кейін көтерме және бөлшек саудадағы көмір бағасы төмендеуі тиіс екенін мәлім етті.

Ақмола облысында көмір бағасы 16%-ға төмендейді деп жоспарланып отыр.

— Макинск қаласындағы «Жарова» жеке кәсіпкері 14 000-нан 11 700 теңге дейін, айырмашылық 2 300 тг.

— Щучинск қаласындағы «Ахунбаев» жеке кәсіпкері 13 300-ден 11 450 теңгеге дейін, айырмашылық 1 850 тг.

— Көкшетау қаласындағы «Косыгина» жеке кәсіпкері 13 740 теңгеден 11 500 теңгеге дейін, айырмашылық 2 240 тг.

Алматы облысында 18%-ға төмендейді:

— Панфилов ауданындағы «Бакарт» жеке кәсіпкері 16 000 теңгеден 12 900 теңгеге дейін, айырмашылық 3 100 тг.

— Қарасай ауданындағы «Уголек» жеке кәсіпкері 14 500 теңгеден 11 400 теңгеге дейін, айырмашылық 3 100 тг.

— Үштөбе қаласындағы «Инсан» жеке кәсіпкері 13 400 теңгеден 11 900 теңгеге дейін төмендетеді, айырмашылық тоннасына 1 500 тг.

Солтүстік Қазақстан облысында көмір бағасы 17%-ға төмендейді:

— Тайынша ауданындағы «Мусаев» жеке кәсіпкері 13 500 теңгеден 11 250 теңгеге дейін, айырмашылық 2 250 тг.

— Петропавл қаласындағы «Турды-оглы» жеке кәсіпкері 14 100 теңгеден 11 950 теңгеге дейін төмендетеді.

— Уәлиханов ауданындағы «Махатов» жеке кәсіпкері 13 500 теңгеден 11 555 теңгеге дейін төмендетеді. Айырмашылығы 1 945 теңге.

Шымкент қаласында көмір бағасы 14 700 теңгеден 12 150 теңгеге дейін төмендейді. Айырмашылық 2 550 тг болады.

Ж. Қасымбек меморандумдарға қол қоюдың нәтижесінде республиканың теміржол қоймаларында Шұбаркөл көмірінің құны орташа 15-20%-ды құрайтыны атап өтті. Сонымен қатар Қаражыра және «Майкубен Вест» ЖШС көмір бағасын төмендетуге әзір. Сөз соңында министр әкімдіктерге екі апта ішінде аталған меморандум бойынша барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Баяндаманы тыңдау қорытындысы бойынша, Премьер-Министр Б. Сағынтаев Үкімет өз тарапынан көмір разрездерінде бағаны төмендету бойынша барлық жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті, енді негізгі жұмыс — әкімдіктердің мойнында. Осыған байланысты, өңірлердің әкімдеріне көмірді түпкі тұтынушыға дейін жеткізуді бақылау, сондай-ақ көмір бағасының 15—20%-ға төмендеуі аясында темір жол тұықтарында тасымалдаушылар тарапынан бағаның негізсіз өсірілуіне жол бермеуді бақылауға алу тапсырылды.

primeminister.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.