Көкшетаулық бишілер «DANCE QUALITY — 2018» турнирінде жүлдегер атанды | arainews.kz

Көкшетаулық бишілер «DANCE QUALITY — 2018» турнирінде жүлдегер атанды

133

Көкшетаулық бишілер «DANCE QUALITY — 2018» халықаралық спорттық-би турнирінің жүлдегері атанды.

Алматы қаласында өткен жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан жиналған мықты бишілер қатысып, латынамерикалық би бойынша бақ сынады.

Оның ішінде Көкшетаудағы мамандандырылған балалар мен жасөсіпірмдердің спорт мектебі және «Реверанс» клубының тәрбиеленушілері екінші және үшінші орын алды.

Жұмабек Нұрболат пен Ақерке Рахметуллинаның жұбы «Е» санаты және латын биінен екінші, «Ювенал 2» алты би бағдарламасы бойына үшінші орын алды.

Ал, Аманжол Мәди мен Милана Зайцева «Ювенал — «Е» санатында алты би нәтижесі бойынша бесінші орынға тұрақтады.

Ақмола облысының би спорты федерациясының басшысы Эльмира Шәріпованың айтуынша, өңірде спорттық би өнері жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді.

«Ақмола облысында жастардың спорттық биге деген қызығушылығы ерекше. Бәсекенің арқасында бишілердің кәсіби шеберлігі шыңдалып, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүр», — деп атап өтті Эльмира Шәріпова.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.