Қоғамға бейімделуіне көмек беріледі | arainews.kz

Қоғамға бейімделуіне көмек беріледі

320

Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы нөмірі 387 жарлығы аясында «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жоба жалғасын табуда. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу.

Сотталған азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру жобасы аясында «Қақпа алдындағы кездесу» жобасының маңызы зор. Бұл жоба арқылы темір тордың ар жағындағы айыпталушылар саны да азаймақ.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Айгүл Танашеваның басшылығымен «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы өтіп, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстырылуына байланысты 1 азамат бостандыққа шықты.

Абақтыдан босап шыққан Р.В есімді азаматты Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Әлкен Майманов, «Феникс» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Фархад Камардинов, Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Мұрат Әмреев, сондай-ақ ЖД-158/5 мекемесінің тәрбие бөлімінің аға инспекторы Жұлдыз Сулейманова күтіп алды.

Жоба барысында Р.В. есімді азаматқа босап шығуына байланысты бос жұмыс орындары ұсынылып, тіркелу тәртібі түсіндірілді. Кездесу соңында сотталушыға тәртіп сақшылары қайталап құқық бұзушылыққа жол бермей, бостандықта туыстық қатынасын нығайтып, қоғамға қайта бейімделуі керектігін ескертті.

ЖД-158/5 мекемесі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.