Қоғамдық орындарды қардан тазалады | arainews.kz

Қоғамдық орындарды қардан тазалады

139

Мойынқұм аудандық пробация қызметкерлері еріктілермен бірлесіп аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы қоғамдық орындарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іске пробация қызметінің есебінде тұрған бірнеше азаматтар да қатысып, өз үлестерін қосқан.

Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Нұрсұлтан Каипов айтуынша, мұндай тазарту жұмыстары сотталғандардың қоғамға сіңісіп кетуін жылдамдатады.

— Осындай игі шаралар жаза басып жазасын өтеушілердің ортаға қосылып, өздерін қоғамның бір тетігі ретінде сезінуліріне ұйытқы боларына күмән жоқ. Себебі, олар әртүрлі деңгейдегі игі шараларға қатысу арқылы өз қателігінен сабақ ала отырып, өзгелерге қол ұшын созады, — дейді Н.Каипов

Жеңіс Калымбетов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.