Кітапхана ұжымы жазғы сауықтыру лагерлерінде әдеби квест ойындарын өткізді | arainews.kz

Кітапхана ұжымы жазғы сауықтыру лагерлерінде әдеби квест ойындарын өткізді

2 410

Жаз айларында балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу үшін Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы әдеби квест ойынды өткізді.
Бұл ойын Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ақын халық жүрегінде» тақырыбымен Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде өтті.
Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 3 аялдама, 9 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп отырды. Әр аялдамада балалар қызыға пазл құрастырып, ребус пен сканвордтың логикалық сұрақтарына жауап іздеп шешімін тапты. Солай балалар ұшқыр ой, зеректіліктерін, шапшаңдықтарын танытты. Ойын соңында қазынаны тауып, берілген тапсырмаларды орындады. Негізінде аталған тапсырмаларға жасырынған сұрақтар Ғафу Қайырбековтың өмірі, шығармашылығы мен оның өлең –жырларымен қамтылды. Ал, көрермен ретінде қатысқан балалар Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр» әнін орындап, тамаша флеш моб биледі. Бұл ойынға небәрі үш топ қатысып, ойын соңында жүйріктер анықталып, Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.