«Халықтық заңгер акциясы» аясында Меркі ауданы кәсіпкерлеріне қолдау көрсетілді

Жалпыреспубликалық «Халықтық заңгер» акциясы аясында Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және түрлі сала қызметкерлері Меркі ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шара барысында аудан, ауыл жұртына тегін кеңестер берілді.

Бүгінгі қоғамдық қабылдауға «Ерсін А» жеке шаруақожалығының директоры А.Омарбеков шаруашылыққа қажетті техникаларға субсидия алу үшін қосымша қаражат құю керектігі оған мүмкіндігі болмай жатқандығын айтып келді. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, Департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, мәселесін шешу бағытында жұмыс жасап субсидия алу жолдарын қарастыру үшін, жауапты мамандарға ұсынды. Ал жоба қызметкерлері бақылауда ұстап, тиісті ақпараттарды ұсынатын болады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде жеке кәсіпкерлер жетістіктері мен бизнес ашудағы тәжірибелеріне тоқталды. Равиль Төлебаев кәсібін жаңа ашқан бизнес өкілдеріне сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге, кедергілер кездескен жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы кеңестер берді. Кездесуде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі жас кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға өз тараптарынан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.