Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай форум өтті | arainews.kz

Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай форум өтті

266

Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стретегиялық құжаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелеріне аударылады.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты форумы өткізілді. Форумда облыс әкімі бірінші орынбасары Б.Орынбеков, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Б.Нарбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Төлендиев және Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Б.Мурбеков сөз сөйледі.
Форум барысында қатысушыларға академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, форум қатысушыларын жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды.
Келесі кезекте, қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлесін қосқан қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен еңбек ұжымдарын Департамент басшысы марапаттады.
Айта кету керек, форум алдында қайырымдылық көрме өтті. Онда келген қонақтар студенттердің қолдан жасаған бұйымдарымен танысып, сатып алуға мүмкіндік алды. Түскен қаражат әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.