Халықаралық байланыс | arainews.kz

Халықаралық байланыс

200

Тараз мемлекеттік педагогикалық университе­тінің бір топ профессор-оқытушылары Қытай Халық Республикасының Дуньхуан қаласында өткен «Қытай мен Орталық Азия арасындағы әлеуметтік алмасу және ынтымақтастық» атты халықаралық форумға қатысып келді. Форум барысында тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің деканы З.Тоқбергенова, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі С.Тоқболат, білім берудегі инновациялар және халықаралық байланыстар орталығының қызметкері А.Аширова баяндама жасады.
Шара барысында ұйым­дас­тырылған халықаралық сурет өнері мен каллиграфия көрмесіне ТарМПУ профес­соры М.Паншаевтың туынды­лары қойылды.
Университет делега­циясы Солтүстік-Батыс педагогикалық универси­тетінің президенті Луи Жонгкуидің ресми қабылдауында болып, екі ЖОО-да өзара ынтымақ­тастықты дамыту жолдары сөз болды.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.