Кеше – студент, бүгін – жас маман | arainews.kz

Кеше – студент, бүгін – жас маман

175

Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, оларға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі таңда жастар арасында «Жастар тәжірибесіне» қызығушылық артуда. Түлектердің тұрақты жұмысқа орналасып кетулеріне «Жастар тәжірибесінің» жақсы әсер тигізетіні сөзсіз. Білімді жастың білігін арттыруда бұл жобаның рөлі ерекше.

Оның шарапатын көрген жастардың бірі – Жанерке Жолдыбай. Биыл оқуын аяқтаған тараздық бойжеткен еңбек өтілінің жоқ болғанына қарамастан, жұмыспен қамту орталығы арқылы өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік алған. Оған аталған мекеменің арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік психология жұмысы жөніндегі бөлімшесі психологиялық қамтамасыз ету тобының нұсқаушы психологы әділет аға лейтенанты Құндыз Ахашева тәлімгер ретінде білгенін үйретіп, болашақта тұрақты жұмысқа орналасуына көмегін тигізуде.

Жалпы, екі қолға бір кәсіп іздеген жандарды тұрақты жұмыспен қамтуда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама қолға алынған уақыттан бастап көптеген адам мемлекеттің қолдауын сезініп келеді. Ең бастысы, оқуын енді ғана тәмамдаған жастар жағы осы бағдарлама аясында білімін жетілдіріп, тұрақты жұмысқа орналасуда.

 

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.