Кеңсе қызметі кідіріссіз жұмыс істейді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің кеңсе бөлімі қызметкелерімен ай сайын құжат айналымына талдау жүргізіледі. Бөлімдерден құжаттардың сапалы басылып, рәсімделуі бақыланды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері электрондық құжат айналымына енгізіліп, уақытылы орындалды.  Көрсетілген уақыт аралығында мекемеде  қабылдау және хат-хабарларды жөнелту жұмыстары жүзеге асырылды.

Мекемеге келіп түскен азаматтардың өтініштері мен хаттары қарастырылады және қатаң бақылауда. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері электрондық құжат айналымына енгізіліп, уақытылы орындалды.

Ай сайын құжат айналымына талдау жүргізілді. Кеңсе қызметінің ай сайынғы маркалар және конверттер бойынша есеп берілді . Құжаттар сапалы басылып, рәсімделді. ЖД-158/2 мекемесіне келіп түскен және қызметкерлердің орындалуында жүрген құпия емес құжаттарды салыстырып тексеру жүргізілді. Көрсетілген уақыт аралығында мекемеде қабылдау және хат-хабарларды жөнелту жұмыстары жүзеге асырылды.

Көрсетілген уақыт аралығында мекемеде дер кезінде қабылдау және хат-хабарларды жөнелту жұмыстары жүзеге асырылды. Соның ішінде құпия емес хат-хабарлардың түскені – 4245 (2018ж — 5199 ), жөнелтілгені  4870 (2018ж-5485)

Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және сотталғандардан келіп түскен өтініштері мен арыздарын дер кезінде тіркеуге алып, берілген уақыт аралығында қарастырылып, жауап берілді. 12 ай  ішінде  жеке қабылдау -52 (2018ж- 121),  заңды тұлғалардан 1 – (2018 ж- 8) сұраныс пен арыздар келіп түсті. Азаматтардаң келіп түскен өтініштері- 316 (2018 ж — 303 ).

2019ж. 12 ай  ішінде ЖД-158/2 мекемесінде негізгі бұйрық 171 (2018 ж — 158 ), жеке құрам бойынша 164 (2018 ж — 173), сотталғандар бойынша 112 (2018 ж — 131 ) тіркелді.

2019ж. 12 ай  ішінде ҚР ІІМ ҚАЖК- 6 (2018ж- 15) бұйрық көшірмесі, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің негізгі қызметі бойынша келіп түскен бұйрықтар саны — 36 (2018ж-71), жеке құрам бойынша-72 (2018ж-98) бұйрық түсті.

Жоғарыдан келіп түскен  нұсқауларды   сол сәтте күнтізбелік кестеге белгілеп, дер кезінде орындалуы қадағаланды.

М.А.Сапармуратова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің кеңсе инспекторы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.