Келесі кезеңге жолдама алды

«Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының I кезеңі бойынша аудандық іріктеу кезеңі өтті. Оған «Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын өткізу жөніндегі аудандық байқау комиссиясының құрамы, аудандық филиалдың қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының төраға-төрайымдары, партия мүшелері қатысты.

Алдымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Н.К.Сұлтанбаев бастауыш партия ұйымдарына аталмыш іріктеу сынының мақсаты мен міндетін таныстырды. Байқау жұмысын «Nur Otan» партиясы жамбыл облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты А.Байтишев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі комиссия хатшысы С.Ж.Оңғарбаева, аудандық орталық аурухананың «Болашақ» жастар денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Е.Ә.Оспанова, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Д.Байбатшаев саралады. Аталмыш байқауға аудандық партия филиалындағы 30 бастауыш партия ұйымдары қатысып, байқауда бағаланатын партиялық жобаларды іске асыруға қатысуы, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс және БПҰ жетекшісінің жұмысы сынды 7 критерийге сәйкес атқарған жұмыстарымен таныстырды.

Комиссия мүшелері байқау соңында 100 -ге дейін партия мүшесі бар БПҰ бойынша жүлделі бірінші орынға «Далақайнар» БПҰ, екінші орынға «Балуан Шолақ» БПҰ, үшінші орынға «Баласағұн» БПҰ лайық деп тапса, құрамында 100- ден 500 –ге дейінгі мүшесі бар БПҰ бойынша бірінші орынды «Жетісу» БПҰ, екінші орынды «Қант зауыты» БПҰ, жүлделі үшінші орынды «Жамбыл» БПҰ, сондай-ақ 500-ден жоғары мүшесі бар «Депо» БПҰ бірінші орын жеңіпмазы атанып, үш бастауыш партия ұйымы облыстық байқауға жолдама алды.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты үздік бастауыш партия ұйымын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарында тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төраға, төрайымдарынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және партия жұмысына қоғамдыстықтың назарын аудару болып табылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.