ҚАЖД мекемелеріндегі түсіндіру жұмыстары | arainews.kz

ҚАЖД мекемелеріндегі түсіндіру жұмыстары

273

Жамбыл облысында «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы бейімдеу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен жеке нүктелі жұмыстар жүргізу. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Республикаға танымал республикалық маңызы бар қалалардандінтанушы, тарихшы, психолог мамандарын тарту көзделген болатын. «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйыдастыруымен танымал дінтанушы, тарихшы, психолог мамандар шаықырлды. Атап айтар болсақ  жоба бастау алғанкезден бастап, жобаға білікті мамандар Стамбакиев Нұржан, Смағұлов Нұржан, Шакимова Лола, Молдахметов Рүстем атты мамандар Тараз қаласында 158/2; 158/4; 158/7 түзету мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен жеке және топтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жазасын өтеп жатқан азаматтардың теологиялық және психологиялық партреттерін сараптап берді. Сонымен қатар жоба аясында түзету мекемелерінде жұмыс жасайтын мамандарға да арнайы түсіндірме жұмыстары, семинар-тренингтер жүргізіліп түсіндірілді. Алдағы уақытта түсіндірме жұмыстары өз жалғасын тауып ҚАЖД мекемелерінде респубикаға танымал дінтанушы Илимбаев Ризабек және Мейірбеков Данияр мамандар Тараз қаласында түзету мекемелеріндегі азаматтармен кездесіп тікелей жеке және топтық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.