ҚАЖ саласында қызмет еткен қарияларды құттықтады | arainews.kz

ҚАЖ саласында қызмет еткен қарияларды құттықтады

178

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы әділет полковнигі Әміролла Оралбаев саналы ғұмырын ҚАЖ саласына арнаған ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Ол өз сөзінде ардагерлерді қарттар күні мерекесімен құттықтай келгенін айтып, кеңестің құрамындағы 300-ге жуық аға буынның өткен өмірі жас қызметкерлер үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын жеткізді.


Әміролла Ибатуллаұлы ҚАЖ саласында 25 жылға жуық уақыт қажырлы еңбек еткен Айған Саудабаева, Надежда Корепанова және Галина Умаеваның шаңырағына барып, ардагер апаларымызға жылы лебізін білдірді.
— Сіздердің өнегеге толы өмірлеріңіз бізге үлгі. Қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі болашақ ұрпақ санасында мәңгі сақталады. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз, — деген Әміролла Оралбаев қарттарға арнайы әкелген естелік сыйлығын тарту етті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.