ҚАЖ қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына үлес қосты | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

44

Бүгінгі таңда респбликамыздың түкпір-түкпірінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.

Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекеменің қызметкерлері ұйымдасқан түрде атсалысып келеді. Биыл да мекеме ұжымы жылдағы әдетінен танбай акция аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін мектеп жасындағы балаға мектепке керекті оқу құралдары салынған сөмке мен мектепке арналған киімдерді табыс етті. ҚАЖ қызметкерлерінің сыйын мекеменің кадр бөлімінің қызметкері, әділет аға лейтенанты Б.Емісбек ұсынды.

Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген оқушы мекеме басшылығы мен ұжымына өз алғысын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.