ҚАЖ қызметкерлері қалалық сенбілікке белсене қатысты | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері қалалық сенбілікке белсене қатысты

112

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Тараз қаласындағы санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы аясында сенбілік шарасына белсене араласты.
Мекеме аумағында өткізілген қызу тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, бөлінген аумақтарды қыс мезгілінде жиналған түрлі арық заттардан тазартты. Жұмыс барысында ҚАЖ қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, мекеме аумағын абаттандырды. Сонымен қатар, қоқыс қалдықтарын шығарып, тал-дарақтар отырғызды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.