Қазақстанның батысында сирек кездесетін барыс суретке түсіп қалды | arainews.kz

Қазақстанның батысында сирек кездесетін барыс суретке түсіп қалды

189

Маңғыстау облысы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жүрген сирек кездесетін барыс суретке түсіп қалды.

Барыстың бұл түрі Қазақстанда өте сирек кездеседі екен.
Басылымның мәліметінше, барыс 2018 жылдың 29 қыркүйегінде Жаман Кендірлі деген жерде орналасқан камераға түсіп қалған. Осыдан кейін сол аумаққа жануарды зерттеу үшін арнайы экспедиция құрамы жіберілген. Ол топта зоолог ғалымдар, фаунаны зерттеумен айналысатын ресейлік жетекші сарапшылар болған. Мамандар барыс көршәі елдердің бірінен келген деген болжамды айтады.
Кейінірек 6 қарашада барыстың тағы да суретке түсіп қалғаны айтылады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет экспедиция қорытындысы бойынша барысты Қазақстан фаунасының тізіміне және Қызыл кітапқа енгізу туралы ұсыныстың дайындалатынын айтты.
tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.