Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылың 9 айының қорытындысы бойынша ел тұрғындарының орташа жалақысы 158 мың теңге деңгейінде қалғанын мәлімдеді.
Отырыста министр 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы еліміздің әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.
Оның айтуынша, еңбек нарығындағы жағдай тұрақты екен.
«Ағымдағы жылдың басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде», — деді Тимур Сүлейменов.
Осы орайда министр 9 айда қазақстандықтардың жалақысы бір қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті.
«Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгені құрады және нақты мәнде 1,9%-ке өсті», — деді Сүлейменов.
Baq.kz