«Канелоға» Головкиннен жеңіп алған әлем чемпионы белбеуі табысталды | arainews.kz

«Канелоға» Головкиннен жеңіп алған әлем чемпионы белбеуі табысталды

199

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Алвареске Дүниежүзілік бокс кеңесіне (WBC) сәйкес орташа салмақтағы әлем чемпионы белбеуі берілді.

Салтанатты рәсім Мехикодағы (Мексика) Соумай музейінде өтті. Альварес ұйымның президенті Маурисио Сулейман және мексикалық миллиардер Карлос Слимнің қолынан WBC-дің арнайы белбеуін алды.

Альварес бұл белбеулерге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен болған реваншта жеңіске жеткеннен кейін ие болды. Олардың екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша «Канело» жеңіс тойлады.

Бұл Головкин үшін карьерасындағы бірінші жеңіліс болды, ол WBC, WBA (Super) және IBO орташа салмақ дәрежесіндегі чемпион титулынан айырылды. Белбеуінің барлығы мексикалық боксшыға берілді. Алайда, кейінірек Альварес IBO белдеуінен айырылды, себебі ол санкция ақысын төлеуден бас тартты.

kaz.tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.