Қазақстандық IT-жобаларға Өзбекстан қызығушылық танытты | arainews.kz

Қазақстандық IT-жобаларға Өзбекстан қызығушылық танытты

221

Өзбекстанда өткен форумда еліміздегі 23 IT-компанияның 60-қа жуық жобасы таныстырылды.

Қазір Ташкентте қос тарап өкілдерінің кездесуі «Цифрлы Қазақстан» және Өзбекстанның мемлекеттік бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Басқосуға Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты. Бұл IT-жобалар ақпараттық технология, телекоммуникация, денсаулық сақтау, білім беру, Smart City және экономика салаларын қамтиды. Олар Өзбекстан тарапының үлкен қызығушылығын туғызып отыр.

Кездесудің мақсаты — Қазақстан мен Өзбекстан арасында цифрландыру жобаларын енгізу үшін қарым-қатынас орнату.

«Біз Smart City жобасына инвестиция құюымыз керек. Қазір осыған байланысты қызу жұмыс жүріп жатыр. Келешекте әріптестермен тығыз байланыс орнатып, жобаны бірлесе жүзеге асырамыз. Осы 2 күн ішінде ортақ келісімге келіп, меморандумға қол қоямыз деп ойлаймын», — дейді Астананы тұрақты дамыту орталығының  IT-сәулетшісі Виталий Пустовойтенко.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.