Қазақстандық 5 боксшы қыз әлем чемпионатының ширек финалына шықты

21

Бокстан Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бес боксшы ширек финалға өтті.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жайна Шекербекова (51 келі), Милана Сафронова (64 келі), Карина Ибрагимова (48 келі), Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева әлемдік сынның жартылай финалына шығу үшін барын салмақ.

Қазақстан құрамасы ширек финалға өткен спортшылар саны бойынша үшінші орында тұр. Бірінші орында жарысты жалғастыратын 9 спортшысы бар Қытай келе жатса, екінші орында — 8 боксшысы түгел Үндістан командасы тұр.

Қазақстандық боксшы қыздардың ширек финалдағы қарсыластары:

Карина Ибрагимова — Венлю Янг (Қытай)

Фариза Шолтай — Виктория Кебикава (Беларусь)

Жайна Шекербекова — Сандра Драбик (Польша)

Милана Сафронова — Мария Бова (Украина)

Ләззат Күнгейбаева — Даниела Перкинс (АҚШ)

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.